Саунадағы балалар лагері: Алматы әкімдігі жауапсыз компанияны сотқа бермек

Алматы қаласының білім басқармасы балалардың жазғы демалысына сәйкес келмейтін жағдайлар туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Qazaq.today.

Қызмет көрсетушіге, «БелРичи» ЖШС компаниясына қатысты жауапсыз жеткізуші деп тану және мемлекеттік сатып алуға қатысуға одан әрі тыйым салу туралы талап-арыз дайындалуда.

Басқармада қызмет көрсетушінің мемлекеттік сатып алуды өткізудің барлық ережелеріне толық сәйкес келген жағдайда анықталғаны түсіндірілді.

«13 шілдеде «Арман дала» саяжай лагерінде балалар демалысын ұйымдастыру туралы шарт жасалды, 15 шілдеде білім басқармасының қызметкерлерімен бірге демалушылардың алғашқы легі келді. Тиісті талаптардың бұзылу фактілері анықталған кезде балаларды үйлеріне апару процесі шұғыл түрде басталды. Қазіргі уақытта лагерьде балалар жоқ. Жақын арада олар мектеп оқушылары демалған кезде ережелер қатаң сақталатын лагерьлерге жіберілмек»,- деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қызмет көрсетушімен ағымдағы шарт бұзылады, сондай-ақ осы компанияның басқа мемлекеттік сатып алуға қатысуына жол бермеу үшін жосықсыз өнім беруші деп тану туралы талап арыз беріледі. Білім басқармасының жауапты қызметкеріне қатаң сөгіс жарияланды.

«Қазіргі уақытта білім басқармасы қоғамдық кеңеспен бірлесіп жұмыс тобын құрды, оның құрамына ата-аналар қоғамдастығының, қалалық прокуратураның және барлық мүдделі органдардың өкілдері кірді. Жұмыс тобы аясында барлық қала сыртындағы лагерьлер тексеріледі. Жұмыс тобы қала маңындағы лагерьлерге жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы үнемі есеп береді», — делінген хабарламада.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға биыл жергілікті бюджеттен 377 млн теңге бөлінген. Әлеуметтік жағдайы нашар, көпбалалы отбасынан шыққан үш мыңнан астам оқушы лагерлерде тегін демалады.

Фото: facebook.com/Инка Рокеровна

Qazaq.today