«Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық» — Думан Мұхаметкәрімге байланысты жауапты орган түсініктеме

Жетісу облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті журналист Думан Мұхаметкәрімнің денсаулығына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qazaq.today  Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

“Талдықорған қаласының тергеу изоляторында жатқан, тергеу-қамауға алынған Думан Мұхамедкәрім мерзімді емхана дәрігерлерінің тексеруінен өтті, оның нәтижелері бойынша денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деп танылды.

Бұдан басқа, медициналық персонал тергеудегі адамның денсаулық жағдайына күнделікті мониторинг жүргізеді”, – деп жазды құзырлы органнан.

Ведомство көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша жауапкершілік көзделгенін де еске салады.

Айта кетейік, бұған дейін журналистің денсаулық жағдайы күрт нашарлағаны белгілі болған.

 

Qazaq.today