«Жүрегі кез келген сәтте тоқтап қалуы мүмкін» — Думан Мұхамедкәрімнің жағдайы ауырлады

Журналист Думан Мұхамедкәрімнің денсаулық жағдайы күрт нашарлады, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы қоғам белсендісі Дана Сәрсенбаева мәлімдеді. Оның сөзінше, журналистің өміріне қауіп төніп тұр.

 

«Оның жүрегі кез келген сәтте тоқтап қалуы мүмкін, бүйрегі ісіп кеткен», — деп жазды ол.

 

Айта кетейік, Думан Мұхамедкәрім кеше 25 күндік қамаудан шығуы керек болған. Алайда оны кейін қылмыстық іс бойынша жауапқа тартып жатқаны белгілі болды.

 

Qazaq.today