Қазақстанда Қытайдан әкелінген көлік саны артқан

Қазақстан нарығында қытайлық көліктер саны артып келеді, деп хабарлайды Qazaq.today  Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Бірінші кредиттік бюро мәліметінше, соңғы бес ай ішінде Қазақстан Қытайдан 16 333  автокөлік импортталған.

«ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 5 айда Қытайдан импортталған автокөлік саны (16 333 бірлік) 2022 жылмен салыстырғанда (12,5 мың бірлік) біршама артық», — делінген хабарламада.

Ақшалай түрде импорт $291,8 млн (өткен жылы – $183,9 млн) құрады.

Айта кетсек, Қытай бүгінде Қазақстанға жеңіл көліктердің негізгі жеткізушісі болып отыр.

 

Qazaq.today