Тоқаев Макронға құттықтау жеделхатын жіберді

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды және барша француз халқын Францияның ұлттық мейрамы – Бастилияны алу күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaq.today Ақорданың баспасөз қызметі сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Қазақстан мен Франция арасындағы сенімді саяси диалог пен өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастыққа негізделген стратегиялық серіктестіктің нығайып келе жатқанын атап өтті», — делінген хабарламада.

 

Qazaq.today