«НеМолчи» қорының басшысы Дина Таңсәрі Түркістан облысындағы ауылдардың бірінде 2018 жылы туған қызды аяусыз өлтіргенін айтты, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, қаскөй қызды зорлаған.
«Бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған, сондай-ақ ҚР ҚК 106-бабы бойынша пробациялық бақылауда болған», — деп жазады Таңсәрі.
Бұл бап бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргендер жазаланады.
ІІМ кісі өлтіру фактісін растады. Онда жергілікті тұрғын 13 шілдеде қызының жоғалғаны туралы өтініш білдіргені туралы хабарланды.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарының бірінің үйінен дене жарақаты бар қыздың денесін тапты. Бұл факті ҚР ҚК 99-бабы бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», — деп хабарлады ІІМ.
Күдікті Сарыағаш ӨКП-на жеткізіліп, қамауға алынды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр.
Qazaq.today