Лепстің концерті Қырғызстан мен Өзбекстанда да өтпейтін болды

Ресейдің Украинаға басып кіруін қолдайтын ресейлік әнші Григорий Лепстің Қырғызстан мен Өзбекстанда концерті тоқтатылды, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni-не сілтеме жасап. 

Қырғызстандағы концерт 2 тамызда, Өзбекстандағысы 31 қазанда өтуі керек еді. Екі елде де жұртшылық Лепстің келуіне үзілді-кесілді қарсы болды.

Маусым айында оның Қазақстандағы концерті де осындай себептермен болмай қалған еді. Концерт Конаев қаласындағы қонақүй-казинода өтуге тиіс болған. Сол кезде қазақстандықтардың теріс реакциясына тап болған ұйымдастырушылар концерттің тоқтатылатынын хабарлады.

 

Qazaq.today