Жетісу облысында балабақша бухгалтері 38 млн теңге ұрлаған

Ақсу ауданындағы балабақша бухгалтері өзіне жоғары жалақыны заңсыз төлеу арқылы 40 млн.теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырған, деп хабарлайды Qazaq.today.

Мемлекеттің қаражатын жымқыру фактісі штат кестесі мен банктік шоттарды салыстыру кезінде анықталған. Осы факті бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады (аса ірі мөлшерде ұрлау).

«Істі Жетісу облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы тексеруде. Осы баптың санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

 

Qazaq.today