«Үстіне шкаф құлаған»: Алматыдағы дамыту орталығында кішкентай бала көз жұмды

Алматыда дамыту орталығына барған бала көз жұмды. Қайғылы оқиға жекеменшік мекемеде орын алған. Алматы қалалық полиция департаменті қайғылы оқиғаның болғанын растады, деп хабарлайды Qazaq.today.

«ҚР Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-бөлігі «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау, абайсызда кәмелетке толмаған баланың өлімі» дерегі бойынша тіркелді. Қылмыстық іс бойынша сараптама тағайындалған»,- деп хабарлады қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қылмыстық істі Бостандық аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тергеп жатыр.Полицияның дерегінше алты жастағы ұл баланың үстіне шкаф құлап кеткен.

 

Qazaq.today