Алматы облысында білім бөлімінің бухгалтері асылып қалған

7 маусымда Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімінің бухгалтері өзін-өзі өлтірген, деп хабарлайды Qazaq.today Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Бухгалтердің асылып өлгені туралы оның жұбайы хабарлаған. Ол оқиға орнына жедел жәрдем шақырған.

Қазір ҚР ҚК-нің 105-бабы «суицидке итермелеу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін Талдықорған білім бөлімінің бұрынғы басшысы Роза Барманованың Қаратал өзеніне батып кеткені хабарланған еді. Барманова 2016 жылдан 2022 жылға дейін қаланың білім бөлімін басқарды. Оның орнына келген Жандос Жолдыханов 280 млн теңгеге пара алды деген күдікпен қамауда отыр.

 

Qazaq.today