Қазақстандық Таиландта 45 тәулікке қамалды. Жерлесіміз мемлекетте жүрудің тәртібін бұзған. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Таиландта қамалған қазақстандық туралы растады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.
Журналистер ресми өкілден Таиландта қазақстандықтың ресейлікке жасаған шабуылы туралы сұрады.
“Біз тай билігінен ақпарат сұраттық. Олар ақпаратты растады. Оның Қазақстан азаматы екені анықталды. Тай полициясы 45 тәулікке қамауға алды. Азаматқа визалық режимді 4 күнге бұзған. Басқа ақпарат түспеді. Оған тек миграциялық режимді бұзғаны үшін айып тағылып отыр. Қазақстанның Таиландтағы елшілігі тай полициясымен үнемі байланыста отыр”,- деді Смадияров.