Динара Зәкиева ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Qazaq.today Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының өкімімен Динара Болатқызы Зәкиева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Аружанды Саинды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінен босатқан болатын.
Qazaq.today