2023 жылдың 10 маусымында (сенбі) сағат 09:00-13:00 аралығында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында (ҚазОРҒЗИ) бас және мойын ісіктерінің алдын алу және ерте анықтау бойынша Ашық есік күні өтеді. Тұрғындарға тегін кеңестер мен тексерулерді білікті мамандар – ЛОР-онкологтары жүргізеді.
Бас және мойын ісіктері – бас және мойын мүшелерінің 30-дан астам локализациясының ісіктер тобы, оның ішінде ең көп тарағандары – ауыз, жұтқыншақ, көмей ісіктері. Сондай-ақ, мұрын ісіктері, мұрын синустары, қосалқы синустар, сілекей бездері және ортаңғы құлақ сирек кездеседі.
Бас және мойын ісіктерінің ерте белгілері:
— тілдің ауыруы, емделмейтін жаралар, ауыз қуысындағы қызыл немесе ақ дақтар;
— ауырсыну, жұтыну кезіндегі жайсыздық сезімі;
— дауыстағы тұрақты қарлыққандылық;
— ауырсыну және / немесе жұту қиындықтары;
— мойында ісік пайда болуы;
— мұрынның бір жақты бітелуі немесе мұрынның ағуы.
«Бас және мойын қатерлі ісігі визуалды локализацияның ісіктері болса да, пациенттердің жартысы аурудың кең таралған кезеңімен дәрігерге барады. Бұл аурулардың ісіктерін емдеу күрделі, хирургиялық араласуды, химиялық-сәулелік терапияны және жиі реконструктивті-пластикалық операцияларды қажет етеді. Сондыктан, егер осы белгілердің кем дегенде біреуі үш аптадан астам уақытқа созылса, дәрігерге баруды кешіктірмеңіз. Ісікті ерте кезеңде анықтау өмірді сақтайды», — дейді ҚазОРҒЗИ Бас және мойын қатерлі ісіктер орталығының жетекшісі, онколог-дәрігер Мұрат Қайбаров.
Тәуекел факторлары:
— иіскейтін, шайнайтын темекіні пайдалану, алкогольді шектен тыс пайдалану;
— адам папилломасы вирусын (АПВ) жұқтыру;
— күннің көзінен ұзақ әсер ету;
— түрлі химиялық заттарды ингаляциялау (лак-бояу материалдары, асбест, ағаш шаңы және т. б.);
— ауыз қуысы мен тістердің нашар гигиенасы, тіс протездерімен жарақат алу.
Ашық есік күнін өткізу күні мен уақыты:
2023 жылғы 10 маусым. 09:00-13:00.
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Абай даңғылы 91 (Орталық стадионға қарама-қарсы).
Анықтама үшін тел.: 8 727 349 61 16.
Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болсын.
Qazaq.today