Қазақстанға Сириядан 5 адам қайтарылды

Сириядан 5 қазақстандық елге жеткізілді. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Qazaq.today  Halyq Uni -не сілтеме жасап.

Тәжікстанның Сыртқы істер министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, Қазақстан тарапының өтініші бойынша Сириядан Тәжікстанға 5 қазақстандық (бір әйел 4 баласымен) жеткізілген.

 

Бұл мәліметті растаймын. Бүгінде олармен психологтар жұмыс істеп жатыр. Қазақстан Сириядан азаматтарын эвакуациялап жатыр, — деді ресми өкіл.

Qazaq.today