Алматы қаласының өртке қарсы гарнизонында мелекеттік ту көтеру рәсімі өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін мерекелеу күніне орай Алматы қаласының өртке қарсы гарнизонында мелекеттік ту көтеру рәсімі салтанатты түрде өтті, деп хабарлайды Qazaq.today.

Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің № 19 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу аясында салтанатты іс-шара өтті. Жеке құрам салтанатты сапқа тұрып, Алматы қаласы ТЖД үрмелі оркестрінің сүйемелдеуімен мемлекеттік әнұран орындалды.

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының міндетін атқарушысы Вадим Кравцов ішкі құрамды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, оның біздің мемлекет үшін ерекше маңыздылығын атап өтті.

Мемлекеттік рәміздер күні бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін мерекеге айналды.
Әрбір қазақстандық үшін азаматтық өзін-өзі сәйкестендірудің ерекше атрибуттары ретінде елдің мемлекеттік рәміздеріне сезімталдықпен және құрметпен қарауды қалыптастыру мақсатында:

Алматы қ. ТЖД қызмет орындарында мемлекеттік туды көтеру рәсімі , Мемлекеттік Гимнді бір мезгілде орындау ұйымдастырылды.
Мемлекеттік рәміздер ел тәуелсіздігін, патриотизм рухын, халықтың қаһармандығы мен даналығын, болашақтың жарқын мұраттарына деген ұмтылысты білдіретін құндылық бағдарларын бейнелейді.
Сонымен қатар, Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері «Менің туым менің мақтанышым» жалпыұлттық челленджіне қатысты.

 

Qazaq.today