«Таныстарын заңсыз жұмысқа алған»-«ӨзенМұнайГаз» бас директорының орынбасары ұсталды

«ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директорының орынбасары Б.Мамбетсапаев лауазымдық өкiлеттiктерін теріс пайдаланды күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today.

Маңғыстау облысының экономикалық тергеп-тексеру департаментінің хабарлауынша, Б.Мамбетсапаев лауазымын  пайдаланып, өзінің бірқатар таныс адамдарын «Өзен Мұнай Газ» АҚ-на заңсыз жұмысқа кіргізген.

Ал компанияға жұмысқа кіру үшін Жаңаөзен қаласының 9 мыңнан астам тұрғындары кезекте тұр.

Б. Мамбетсапаев мемлекетке 46 млн.теңгеден астам залал келтірген.

Қазіргі уақытта компанияның үстінен бюджеттік қаражатты  жымқыру фактілері бойынша тергеу жүріп жатыр.

 

Qazaq.today