Фото: Lada.kz
Ақтау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасовты Өзбекстанның шекарашылары ұстады. Ол мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту кезінде қолға түскен, деп хабарлайды Qazaq.today.
Оған қатысты Өзбекстан Республикасына заңсыз кіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Экс-әкім тергеу изоляторына қамауға алынған.
Қазіргі уақытта оны Өзбекстан Республикасынан экстрадициялау мәселесі бойынша Бас прокуратурамен бірлесіп тиісті материалдар дайындалуда.
«Сәдуақасов Т.Х-ға алаяқтық және аса ірі көлемде пара беруге итермелеу бойынша айып тағылған.2023 жылы шілде айында Сәдуақасов Т.Х-және «Обуховское» кен орнында заңсыз пайдалы қазбалар өндіру ісіне қатысты адвокат – Курманбаев С.Н. лауазымды тұлғалар арасындағы байланыстарын пайдалана отырып, Долгалев В.И-қа кәсіптегі серіктестеріне қарсы қылмыстық іс қозғауды ұсынған», — делінген ҚР ҚМА Баспасөз қызметінің хабарламасында.
Алдын-ала келісім бойынша параның бірінші бөлігі ретінде 90 млн теңге алған Сәдуақасов пен Курманбаев бұл қаражатты өздері иемденіп, уәде етілген міндеттемелерін орындамаған.
Қылмыстық іс Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотына қайта қарауға жолданды.