«9 миллиард теңгеге салынған»: Түркістандағы сынға ұшыраған жағажайдың видеосы тарады

Әлеуметтік желіде Түркістандағы халықаралық деңгейде дамытылуы тиіс жағажайдың сапасы туралы видео қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today.

Видеода жағажайдың қазіргі мүшкіл жағдайы көрініс тапқан. Авторлар жағажай құрылысына мемлекет бюджетінен 9 миллиард теңге жұмсалғанын айтады. Бейнежазбадағы кадрлар нысанның сапасына қатысты көп сұрақ тудырған.

Әлеуметтік желі белсендісі Дидар Смағұлов бұл жерді «Шөкеев жағажайы» деп атады. Оның айтуынша, аталған жобаға бөлінген қомақты қаражат Түркістан облысын Өмірзақ Шөкеев басқарып тұрған кезде бөлінген.

«Бұл – қараусыз қалған су айдыны емес, 9 миллиард теңгеге тұрғызылған «Шөкеев жағажайы». Ресми құжаттарда ол Түркістандағы туризмді дамыту мақсатында салынған халықаралық деңгейдегі кешен ретінде көрсетілген», – деп жазды Дидар Смағұлов Facebook-тегі парақшасында.