Фото: Pixabay
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында көктемгі ауа райы болжамының жаңа мәліметтерін ұсынды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.
Министрдің айтуынша, наурыз-сәуір айларында ауа температурасы әдеттегіден жылы болады, ал елдің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері көп түседі.
Су тасқыны қаупі жоғары аймақтар:
Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ұлытау және Абай облыстары
Қауіптілігі орташа өңірлер:
Алматы, Жетісу, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары
Тасқын қаупі төмен өңірлер:
Павлодар, Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстары.