8 наурызда елімізде 769 сәби дүниеге келді

8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында 769 сәби өмірге келді, деп Qazaq.today.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елде 366 қыз, 403 ұл бала дүниеге келген. Ал оның ішінде 5 ана егіз перзент тапқан. Жаңа туған нәрестелердің көшін әдеттегідей Түркістан облысы бастап тұр.

Оңтүстікте – 126 сәби тіркелген.

Екінші орында Алматы қаласы, 76 сәби 8-наурыз күні дүниеге келді.

Одан кейін Шымкент қаласы түр, еліміздегі үшінші магаполисте 71 бала туған.

Ал 65 сәбимен Астана төртінші қатарға жайғасқан.