760 миллиард теңге мемлекетке қайтарылды

Қазақстанға 760 миллиард теңге қайтарылды. Бұл жөнінде Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов айтты, деп хабарлайды Qazaq.today.

Бұл туралы ол Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтты.

«Арнайы заңның қабылдануын күтпей-ақ, ортақ күш-жігермен елге 760 млрд теңге сома болатын активтерді қайтаруға мүмкіндік туды. Қайтару шараларын комиссияның барлық мүшелері мен тартылған мемлекеттік органдар жүргізіп жатыр», — деді Берік Асылов.

Активтерді қайтару бойынша ведомствоаралық комиссияның ресми өкілі Зейін Әліпбектің айтуынша, 760 млрд теңге сомасы дүние-мүлік түрінде, актив түрінде және валюта түрінде қайтарылып жатыр.

 

Qazaq.today