72 жас: Қасым-Жомарт Тоқаевтың сирек кездесетін суреттері

Бүгін, 17 мамырда, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды.

Тоқаев туған күнін атап өтпейді.

Өмірбаяны

  • 1953 жылы 17 мамырда Алматыда дүниеге келген.

  • Әкесі – Кемел Тоқаев (1923–1986) – Ұлы Отан соғысының ардагері, қазақ әдебиетіндегі детективтік-приключен жанрының негізін салушы жазушы.

  • Анасы – Тұрар Шабарбаева (1931–2000) – Алматы шет тілдер педагогикалық институтында жұмыс істеген.

  • 1975 жылы Мәскеудегі Халықаралық қатынастар институтын (МГИМО) тәмамдап, диплом алдындағы тәжірибені Қытайдағы КСРО елшілігінде өткізді.

  • Сол жылы КСРО Сыртқы істер министрлігіне қызметке қабылданып, Сингапурдағы елшілікке жіберілді. 1979 жылы КСРО СІМ аппаратына оралды.

  • 1984–1991 жылдары Қытай Халық Республикасындағы елшілікте екінші хатшыдан бастап кеңесшіге дейін түрлі лауазымдар атқарды.

  • 1992 жылы Ресей СІМ Дипломатиялық академиясын тәмамдады.

  • 1992–1994 жылдары Қазақстан СІМ вице-министрі, бірінші вице-министр, кейін министр болды.

  • 1999 жылы Премьер-министрдің орынбасары, сол жылдың қазанында Президент Жарлығымен Премьер-министр қызметіне тағайындалды.

  • 2002–2007 жылдары СІМ басшысы болып, ядролық қарусыздану бойынша жаһандық үдерістерге белсенді қатысты.

  • 2007 жылы Сенат төрағасы болып сайланды. 2008 жылы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының вице-президенті атанды.

  • 2011 жылы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің бас директоры және Қарусыздану конференциясындағы Бас хатшының арнайы өкілі болды.

  • 2013 жылы қайтадан Сенат төрағасы болып сайланды.

  • 2019 жылы 20 наурызда Қазақстан Президенті қызметіне кірісті.

  • 2019 жылы 9 маусымда кезектен тыс президенттік сайлауда 70,96% дауыс жинап, сайлауда жеңіске жетті. 12 маусымда ресми түрде ант беріп, Президент қызметіне кірісті.

  • 2022 жылы 20 қарашада өткен кезектен тыс сайлауда 81,31% дауыс жинап, қайта сайланды. 26 қарашада инаугурация рәсімі өтті.


Марапаттары мен қоғамдық қызметі

  • 2021 жылдан бастап – Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы

  • 2022 жылдан – Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы

  • Төтенше және өкілетті елші, саяси ғылымдар докторы

  • Дүниежүзілік гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі

  • Мюнхен қауіпсіздік конференциясының «Ақсақалдар кеңесінің» мүшесі

  • Шэньчжэнь университеті мен Ресей СІМ Дипломатиялық академиясының құрметті профессоры

  • Женева дипломатия және халықаралық қатынастар мектебінің құрметті деканы

  • Қазақстанның халықаралық қатынастар кеңесінің құрметті президенті

  • 2018 жылы – Ресей биографиялық қоғамы бойынша «Жыл адамы» атанған

  • 13 жыл бойы – Қазақстан үстел теннисі федерациясының президенті болған

  • Халықаралық қатынастар жөніндегі 10 кітаптың авторы

  • Салауатты өмір салтын ұстанады, көркем әдебиет, саясат және мемуарлық шығармаларды сүйіп оқиды