700 млн теңгені заңсыз алған: Нұрлан Нығматулиннің ұлы күдікке ілінді

Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұрхан Нұрланов қылмыстық іс бойынша айыпталушы атанды. Бас прокуратураның мәліметінше, «Қазфосфат» ЖШС басшылығының 697 млн теңге көлемінде монополиялық кірісті заңсыз алуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталған. 15 Шілдеде Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлы қылмыстық іс бойынша айыпталушы екені жарияланды. Ал 5 сәуірде монополияға қарсы қызметкерлер «Қазфосфат» ЖШС-ға қатысты үлкен сұранысқа ие ауыл шаруашылығы тыңайтқыштарының бірі – аммофос бағасын негізсіз көтеру фактісі бойынша тергеудің басталғаны туралы мәлімдеген еді.

Мәжілістің бұрынғы Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ұлдары – Нұрхан мен Нұржан «Қазфосфат» ЖШС-нің ауылшаруашылығы тыңайтқыштарының бағасын көтеруден пайда тапқаны белгілі болды. Осы тергеу бойынша қылмыстық іс қозғау үшін монополияға қарсы мамандар материалды құқық қорғау органдарына берді.

Өз кезегінде ауыл шаруашылығы тыңайтқыштарының бағасы елдегі тамақ өнімдерінің құнына тікелей әсер етеді. 14 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазфосфаттың» заңсыз кірісі туралы да айтқан. Бұл «Қазфосфаттың» заңсыз әрекетіне қатысты жалғыз дерек емес.

Зауытта соңғы жылдары адам шығыны да көбейген. 7 маусымда «Касфосфаттың» өндіріс ошағында жұмысшы қаза тапты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 2 шілдеде зауытта қайғылы жағдай тағы қайталанды. Бұл жолы бірден екі жұмысшы көз жұмған. Тағы бір адам 7 шілдеде қайтыс болды. Осылайша, бір ай ішінде үш түрлі жағдайда «Қазфосфатта» төрт адам қайтыс болды.

11 шілдеде Тараз қаласының атмосферасын азот диоксиді мен күкіртсутегі заттарының ластағаны туралы жағдай тіркелді. Шаһардағы ауаның химиялық ластану көзі – «Қазфосфат» зауыты болды, апаттан кейін сутегі фторидінің үш есе артуы анықталды. Бір қызығы, 12 шілдеде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазфосфаттың» ауаны ластағаны туралы өз мәлімделеріне қарсы келіп, зауыттағы күкіртсутегінің мөлшері нормадан асып кеткендігін жоққа шығарды.

Соңғы

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

Тоқаев Израиль президентімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті,...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. Алдын ала қорытынды бойынша көп дауыс...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 наурызда Баку порты бағытында одан әрі тасымалдау үшін...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here