7 млн теңгеден асқан: алименттен қашқан семейлік жігіт сотталып кетті

Фото: mail.kz

Алименттен жалтарып жүрген Семей тұрғыны сотталды. Баласына жаны ашымаған жігітің берешегі 7 млн теңгеден асқан, деп хабарлайды Qazaq.today.

Прокуратура мәліметінше, Семей қаласының тұрғыны Қылмыстық кодекстің 139-бабына сәйкес қылмыстық жауапқа тартылды. Сот үкімімен ол бір жылға бас бостандығынан шектелді.

«Айта кетерлігі, тек Семей қаласында 2024 жылы алимент төлемегені үшін 7 адам қылмыстық, 61 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 5 мыңнан астам кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалған. Абай облысының прокуратурасы алиментті уақтылы төлеу қажеттігін, әйтпесе мұндай ата-аналарға қатысты заңда көзделген барлық шаралар қолданылатынын, соның ішінде қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын ескертеді», — делінген ведомствоның таратқан хабарламасында.

Тағы 3 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.