Ақмола облысында бір отбасы түгелдей мерт болды

Фото: Pexels

Үйлерінен ата-анасы мен кәмелетке толмаған 5 және 11 жастағы екі баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Kazinform-ға  сілтеме жасап.

Құтқарушылардың айтуынша, оқиға орнында көміртегі тотығының ізі табылмаған.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын түсіндірді.

— Төрт адамның, оның ішінде екі кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты ҚР ҚК 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306 (қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды шығару немесе өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету) бойынша қылмыстық іс қозғалды, — деп түсіндірді департаментте.

Тергеу аясында тиісті сараптама тағайындалды.