Фото: Astana TV
Ұнатқан қызы үшін Италиядан Оралға ұшып келген 64 жастағы азаматпен бойжеткен кездеспей қойған. Көңілі қалған азамат сүйіктісі күтіп алмағанын айтты, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы Astana TV арнасына сілтеме жасап.
64 жастағы Аджигирия Грацио қазақстандық арумен желіде танысып, сөйлесіп жүрген. Бойжеткен оны әуежайда қарсы алуы керек болған. Бірақ уәдесін орындамаған.
Қаланы патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері орындықта отырған шетелдікті байқап қалған. Сосын көмек ұсынып, шетелдіктің халін сұраған.
Ер адам оларға қамқорлық пен қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, келесі күні Италияға оралатынын айтты.