«63 млн ұрлаған»: Өскеменде балалар үйінің басшылары сотталды

Өскемен қаласындағы балалар үйін май шелпекке айналдырған директор мен бұрынғы есепші сотталды. Олар қорғансыз қалаларға бөлінген қаражаттан 63 млн теңге ұрлаған, деп хабарлайды Qazaq.Today тілшісі. Мекемедегі кадр жұмысы бөлімінің инспекторына да үкім шықты. Өскемен қалалық №2 соты баспасөз қызметінің  мәліметінше, 25 ақпанда аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған үш тұға бірдей жазаға кесілген.

«Белгілі болғандай, олар алдын ала сөз байласып 2015 жылдың наурызы мен 2019 жылдың қаңтары аралығында балалардың қажеттілігіне бөлінген 63 150 581 теңгені жалған құжат жасау арқылы қалтаға басқан. 2019 жылы бас есепші әлеуметтік желіге видео жариялап, өз ісіне өкініш білдіріп, қаржы жымқыру схемасын әшкерелеген еді. Алайда директор мен кадр жұмысы бөлімінің инспекторы кінәсін мойындамады», – делінген ақпаратта.

Сот үкімі бойынша үш айыпталушы да өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, 7 жыл мерзімге түрмеге қамалды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

Тоқаев Израиль президентімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті,...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. Алдын ала қорытынды бойынша көп дауыс...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 наурызда Баку порты бағытында одан әрі тасымалдау үшін...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here