Фото: видеодан скрин
Жасы алпыстан асқан әйел Астананың қақаған қысында көшеге жартылай жалаңаш шықты. Астанада жыл сайын қыс мезгілінде жеңіл киім киген әйел жұрттың көзіне тағы да түсіп, таңғалдырады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.
Көпшілік ол бірнеше жыл қатарынан солай жүретінін жазған.
«Бұл — Әния тәте. 14 тілді біледі. Өте ерекше адам. Жылда осылай жүреді. Таңғалатындары Астанаға бірінші рет келген адамдар. Жасы 60-тан асып кеткен. Ұлы шетелде қызметте, жазда соған барып демалады», — деп жазған оны танитын адамдар.
134