Үшінші сәбиін күтіп жүрген 40 жастағы әнші Ерке Есмахан жүктілігі туралы айтып, әжептәуір салмақ қосқанын да жасырмады, деп хабарлайды Qazaq Todaу ақпарат порталы.
Желідегі парақшасына отбасылық суретін жариялаған әнші оқырмандарының көңіл күйін сұрауды да ұмытпады.
«9 күннен соң биылғы қыс аяқталады. Көңіл күйлеріңіз қалай?» – деді Ерке Есмахан.
Әнші жүктілігінің жақсы өтіп жатқанын айтып, жерік асын жариялаған.
«6 келі қостым», — деп жазды хит әндердің орындаушысы.