«500 мың теңге»: Алып-сатарлар Дженнифер Лопестің концертіне билет сатып жатыр

ФОТО: Getty Images

Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне билет сатуға қатысты дау әлі басылмай тұр. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеп.

Айта кетейік, әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертіне билет сатып алу кезінде Ticketon.kz сервисінде техникалық ақау пайда болған еді. Сервистің негізін қалаушы Алексей Ли Threads-тағы парақшасында ақаудың себебін түсіндірді. Ол әншінің жанкүйерлерінен кешірім сұрап, қолайсыздықтың орнын толтыратынына уәде етті.

Алайда Instagram желісінде алып-сатарлардың жарнамасы тарады. Ол жақта билет құны 500 мың теңге көрінеді. Осылайша ол VIP орындарға билеттер ұсынып, фан-зонаға билет те сататынын айтқан.

Фото: Әлеуметтік желіден алынды

Еске салайық, америкалық әншінің концертіне билет бағасы 40-150 мың теңге аралығында болды. Ең қымбат билет – 150 мың теңге. Әлемдік музыка супержұлдызының концертіне билет орташа есеппен 80 мың теңге тұратынын жазған едік.