Маңғыстауда кәсіпкер мен коуч арасында дау шықты, деп хабарлайды Qazaq.today.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс беріп отырған әлеуметтік кәсіпкер, танымал блогер Бибігүл Рамазан коуч Роза Әшірбаеваның Маңғыстауда өтетін кездесуіне қарсы шықты. Бибігүл Рамазанның пікірінше, Роза Әшірбаеваның айтып жүрген месседждері Маңғыстау облысындағы әйелдерге «сай емес».
«Бірақ, Розаның «Заманауи қазақ әйелі» деген әңгімелері кейде жақсы емес, оны бұндай тақырыпта Маңғыстауға шақырғанға қарсымыз! Роза «Келін құл емес!» деген әңгіме айтады. Маңғыстаудың әйелдеріне керек емес!», — деп жазды Бибігүл Рамазан.
Бибігүл Рамазанның пікірінше, Роза Әшірбаеваны Маңғыстау облысының әйелдеріне қаржылық сауаттылық туралы лекция оқуға шақырғанда, кочу 500 мың теңге көлеміндегі гонорарды «менсінбеген». Еске салайық, Бибігүл Рамазан Маңғыстау өңіріне аса танымал кәсіпкер. Ол отыз шақты мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс беріп, оларға арнап тігін ценын, кофехана мен тамақтану орындарын ашқан.