50 жастағы мұғалімді 22 жастағы жігіт зорламақ болған

Қостанай облысында бастауыш сынып мұғалімін зорламақ болған оқиғаға қатысты сот ісі басталды. kstnews.kz басылымының мәліметінше, егде жастағы әйелді жас жігіт зорламақ болған. Оқиға жаңа жыл түні Қостанай облысындағы ауылдардың бірінде орын алған.  22 жастағы жігіт бастауыш сынып мұғалімі болып істейтін 50 жастағы әйелдің үйіне басып кірген. Жәбірленушінің айтуынша, ер адам оның үйіне кірген бетте ұрып-соғып, буындырып өлтіріп, зорламақ болған.

Сотта ұстаз барлығын егжей-тегжейлі және эмоционалды түрде айтып берген, судья  аталған оқиғаны естіген соң үзіліс жариялауға мәжбүр болған.

Сотталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 149, 107, 120-баптары 1-бөлігі – тұрғын үйге кіру, орташа ауырлықтағы ұрып-соғу және зорлауға оқталу бойынша айып тағылуда. Ер адам зорлау әрекетін мойындамайды. Жәбірленуші зорлықшылға қарсыласып жүріп, әрең құтылған. Әйел аты-жөні мен шабуылдың қай аймақта болғанын әзірге құпия сақтауды сұрады.

Келесі сот отырысы 12-мамырда жалғасады

Соңғы

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы»...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен...

Махамбет Әбжанға шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалды

Махамбет Әбжанға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, -...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың мәйіті табылды. Олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Бұл туралы полиция мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. 2011, 2014...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» спектаклін қою арқылы әкесіне қиянат жасалғанын айтады. Мұхтар Шәмшіұлының айтуынша, әкесі ешқашан сығандардың тобырында болмаған,...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп «Qnet» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Бұл компания Астана мен...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here