50 млн теңге жымқырған: Қызылорда қаласында «Дарын» орталығы бас есепшісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Фото: Qazaq.today

Қызылорда қаласындағы «Дарын» қосымша білім беру орталығының бас есепшісі бюджет қаражатынан жеке шотына 50 миллион теңге аударып алған. Бас есепші көбінесе қызметкерлерді іссапарға жіберетін ақшаны өзіне алып отырған, деп хабарлайды Qazaq.today.

Қызылорда облысының прокуратурасы мемлекеттік бюджеттен қаражат ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

“Аталған дерек бойынша облыс прокуратурасы қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен қылмыстық іс қозғады”, – делінген прокуратура таратқан хабарламада. 

Заңбұзушылық бюджет қаражатының жұмсалуының заңдылығы мен тиімділігіне жүргізілген талдау кезінде анықталды. Күдікті іссапар шығыны мен жалақыға арналған ақшаны жымқырған.