Яғни, бүгінгі күнмен өмір сүрмеу керек. Келер жылдардағы жағдайды тұрақтандырып, сенімді болашақ қалыптастыру үшін дұрыс шешім қабылдау қажет деген пікір айтты.
«Жаңа кодексте ұсынылғандарға келсек, мен оны қолдаймын. Теңестіру керек дегенді баяғыдан айтып жүрмін. Өйткені 5 жылдан кейін бүкіл болжамдар бойынша күйреуге жетеміз. Әлеуметтік-қаржылық схемада толықтай тоқырау болады. Сондықтан қазірден бастап түзету керек. Тіпті қазір көріп отырған салық түсімін есептегеннің өзінде шығыс пен кірістің теңгерімін 10 трлн теңгеге дейін ажыратуға болмайды», — деді Алмас Чукин.
Оның айтуынша, ұсынылып отырған жаңа кодексті әлі жетілдірмесе, реформа бюджет тапшылығы мәселесін шеше алмауы да мүмкін. Өйткені, шығын көбейіп, түсім азайып келеді.
«Салықтан 3-4 трлн теңге ғана жинауды көздеп отыр. Мемлекеттік борыштың өсімі жалғасатын түрі бар. Бюджет тапшылығы да сақталады. Яғни, 10 трлн тапшылықтың 5-6 трлн теңгесі жабылмай қалайын деп тұр. Сонда қарыздарды жабу да жоспарда жоқ. Әзірге жалпы ішкі өнімді екі есе арттыру қолымыздан соншалық бір келіп жатқан жоқ. Ал қарыздарды үш жылдың ішінде екі есе арттыру қолымыздан келген. Әр үш жыл сайын мемлекет борышының көлемі 2 есе өсіп келеді», — деді сарапшы.