«45 млн теңге»: алаяқтық жасаған жігіт Польшадан экстрадицияланды

Елге көлік әкеліп беремін деген сылтаумен ақша жымқырған алаяқ қамауға алынды. 45 млн теңгенің алаяқтығын жасаған күдікті Польшадан экстрадицияланды, деп хабарлайды Qazaq.today.

Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі және Сыртқы істер министрлігі бірлесіп жүріп күдіктіні Польшадан экстрадициялады.

«Ол 2023 жылы Польшадан екі жүк көлігін алып келуге уәде беріп, жәбірленушінің 45 миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденіп, өз міндетін орындамай, жасырынған деген күдікке ілінді», — деп жазылған хабарламада.

Қашқын ақпанда Бодзентын қаласында ұсталып, Бас прокуратураның сұрау салуы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір ол ұстау изоляторына қамауға алынған.

Бұл қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.