440 мың турист: Түркияда демалатын қазақстандықтардың саны көбейген

Жолдаманың қымбаттауына қарамастан Түркияда демалатын қазақстандықтардың саны азаймаған, деп хабарлайды Qazaq.today Telegram-дағы Data Hub арнасына сілтеме жасап. 

Биыл жазда Түркияға жолдама бағасы көтерілген. Мысалы, маусымда баға жылдық есепте – 28,5%, шілдеде – 35,5%, тамызда 39,3%-ға көтерілген.

Жолдаманың қатты қымбаттауы қазақстандық тұтынушыларды үркітуге тиіс болған. Алайда жағдай бұған ұқсамайды. Жақында Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі шетелден келушілер жайлы жаңа статистиканы жариялады. Оған сәйкес, маусым-тамыз аралығында Қазақстан азаматтары Түркияға 440,4 мың рет кірген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың деңгейінен 7%-ға жоғары және 2014 жылдан бері жаз айларындағы ең жоғары нәтиже саналады. 

2022-2023 жылдары қазақстандықтар көбінесе Анталияда демалған.

256