360 келі есектің етін елге жегізбек болғандар ұсталды

Podrobno.uz басылымының жазуынша, сақшылар күмәнді жүкті Карши — Ташкент тас жолында тоқтатылған Lacetti автокөлігінің жүксалғышынан тапқан. Көлік жүргізушісі еттің иесі емес екенін, тек жүктің жеткізушісі екенін айтып жалтарған.

Алайда Сырдария облыстық ветеринарлық басқармасында жүргізілген зертханалық сараптама нәтижесінде тәркіленген еттің есек еті екені дәлелденді. Қазіргі уақытта Сырдария аудандық тергеу бөлімі бұл оқиға бойынша тергеп-тексеру жұмыстарын бастап кетті. Құқық қорғаушылар еттің нақты қайдан шыққанын және бұл іске қанша адамның қатысы барын анықтауға кірісті.

«Миллар» бағдарламасында айтылған деректерге қарағанда, еттің астаналық нарыққа жеткізіліп, тұтынушыларға заңсыз түрде таратылуы мүмкін болған. Бұл жағдай Ташкент тұрғындарының азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылығын күшейтті. Өзбекстанда бұндай қылмыс бұған дейінде болан.

Самарқанд облысына қарасты Шурак ауылында бір тұрғын өз үйінің ауласында есек сойып, етін сатып келген. Кейін Каттакурган ауданыныңмаңынан тұрғындар бірнеше есек қаңқасын тауып алып, экологтар мен құқық қорғаушылар дабыл қаққан болатын.

Фото: pixabay.com