35 адам өлді: Қытайда белгісіз жүргізуші қала орталығында адамдарды көлікпен таптап кетті

2024 жылдың 11 қарашасы күні сағат 19:48 шамасында Чжухай қаласының Спорт орталығында  күдікті жаттығу жасап жүрген тұрғындарды көлікпен таптап кеткен. Оқиға салдарынан 35 адам қаза тауып, 43 адам жарақат алды, олардың өміріне қауіп жоқ, бірақ әлі де ем қабылдауда. Бұл жағдай қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды. Чжухай қаласы мен Гуандун провинциясы бірден ауқымды құтқару жұмыстарын бастаған. Бұл туралы Qazaq.today порталы 163.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Көлік жүргізушісі оқиғадан кейін өзіне қол салуға әрекет жасаған. Қазір ол да құтқыру орталығында жатыр.