Ресми мәлімет бойынша, 2019-2023 жылдар аралығында елімізде спортты дамытуға шамамен 300 млрд теңге бөлінген. Оның 62 млрд-ы республикалық бюджеттен, шамамен 29,5 млрд теңгесі «Спорт қорынан» және жергілікті әкімдіктерден 200 млрд бөлінген. Париж Олимпиадасынан кейінгі спортшыларымыздың көңіл көншітпейтін нәтижелерінен соң ел арасында осы қаражатқа қатысты қызу талқы жүріп жатыр.
Боксшылардың нәтижесіне қатысты INTOSAI жоғары аудит органдары халықаралық ұйымының сарапшысы Қамбар Омаров аудиторлық көзқарасын білдірді. Оның сөзінше, боксшыларымызға керемет жағдай жасалған: жоғары жалақы алады, қымбат жапон және неміс көліктерін мінеді. Мемлекет өз миссиясын орындап отыр. Бірақ соған қарамастан, өкініштісі, олардың көзінде жеңіске деген құштарлық көрінбейді.