Алматыда монополист компания сұйытылған мұнай газының көтерме бағасын қымбатқа сатқан. Өзідерінің үстемдігін теріс пайдаланған компания уәкілетті орган бекіткен шекті бағадан 30О% асырып сатқан. Тексеріс барысында қалада монополиялық жағдайды иеленген өзгеде фактілер анықталды.
Былтыр департамент қызметкерлері Алматы қаласының тауар нарықтарындағы мұнай өнімдерін, көмірді, электр энергиясын, азық-түлік өнімдеріне (сүт, қант, күнбағыс майы, ас тұзы) бөлшек саудада өткізу сияқты бәсекелестік жағдайына 33 талдау жасаған. Одан бөлек қатты қалдықтар, такси ақпараты және диспетчерлік қызметтер, сымды интернет желілері бойынша қызмет көрсететін компанияларға да тексеріс жүргізілген. Талдау нәтижелері бойынша 21 үстем және 6 монополист анықталды.Ведомствоның қорытындысы негізінде «Петросун» ЖШС-нің әрекетімен сұйытылған мұнай газын сату кезінде монополиялық жоғары бағаларды пайдалану фактілері анықталған.
«Сұйытылған мұнай газының көтерме бағасы уәкілетті орган бекіткен шекті бағадан 30О%-дан астам өскен. Тоннасына 183 мың теңгені құраған. Бұл өсім «Петросун» ЖШС-нің биржалық сауда-саттық кезінде тауар бағасының объективті дәлелді себептерсіз үздіксіз көтерілуінің нәтижесі болды», — деді ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Нұржан Ұранхаев.
Қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша мемлекетке 2,2 миллиард теңгеден астам шығын өтелген. Алдағы уақытта монополияға қарсы органның қорытындысымен нарықтың жекелеген субъектілеріне мұнай өнімдерін (АИ-92, ДТ) өткізуден негізсіз бас тартуда көрсетілген өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану фактісі бойынша «Петросун» ЖШС 600 миллион теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сотта қарау нәтижелері бойынша монополияға қарсы органның іс-әрекеттері заңды және негізді деп танылып, бүгінгі таңда айыппұл сомасы толығымен бюджетке төленген.