262 500 теңге: Студенттер қанша теңгеге дейін ала алады

Фото: Getty Images / bob_sato_1973

Соңғы бес жылда Қазақстанда жоғары білімге бөлінетін мемлекеттік гранттар саны 1,4 есеге артты. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпараттық агенттігі.

Министрдің айтуынша, 2024–2025 оқу жылына жалпы саны 93 116 білім гранты бөлінген. Оның ішінде:

— 77 084 грант – бакалавриат бағдарламаларына,
— 13 113 грант – магистратураға,
— 2 919 грант – докторантураға тиесілі.

Стипендия көлемі 1 қыркүйектен бастап өседі

Биыл 1 қыркүйектен бастап жоғары білім алушылардың стипендиясы да көбейеді:

— Бакалавриат – 52 372 теңге,
— Магистратура – 117 098 теңге,
— Докторантура – 262 500 теңге.

Бұл көрсеткіштермен салыстырғанда, бакалавриат стипендиясы 2020 жылмен салыстырғанда екі есе, ал магистратура мен докторантура деңгейінде 1,75 есеге өсіп отыр.

Жатақхана тапшылығы күрт қысқарды

Министр сондай-ақ білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Соңғы жылдары жатақхана мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде:
2019 жылы 82 500 орын жетіспесе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 14 873 орынға дейін азайған.

Саясат Нұрбек ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін жатақханадан орын беру қызметі проактивті форматта, яғни автоматты түрде ұсынылатынын атап өтті.