Үндістанда қалыңдықтың туыстары күйеу жігітті өз үйлену тойында би алаңында ән таңдағаны үшін өлтіріп тастаған. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Үйлену тойында қонақтар би билеп, диджейдің әуенімен қалыңдықтың үйіне барған. Олар әндетіп, көңілді болған. Алайда 26 жастағы күйеу жігіт Ракеш Рам «әнді өзгертуді» сұраған кезде төбелес басталып кеткен. Күйеу жігіттің әкесі жанжалды тоқтатуға тырысқанымен, мас күйінде болған ашулы жігіттер ер адамды таяқпен ұра бастаған. Ракеш әкесін қорғамақ болғанда, тапаншаның дүмімен басынан соққы алған. Салдарынан қайтыс болған.
Полиция күдікті Вишал есімді жас жігітті ұстады. Оның қолында тапанша мен атыс оқтары бар екені анықталды.