Фото: 72.ru
Ресейдің Түмен облысында 24 жыл бұрын жоғалып кеткен ер адам табылды. Ол бұған дейін құлдықта жүрген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі 72.ru сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Большое Сорокино ауылының тұрғыны мал бағып жүрген ер адамды байқап қалған. Әйел адам құлдықта жүрген адам «тамақ үшін» бірнеше адамға қызмет етіп жүргенін естіген.
Иринаның сөзінше, ер адамның есте сақтау қабілеті нашарлау. Адамдармен көп сөйлеспейтін Геннадий қорқып қалған.
Жергілікті еріктілердің сөзінше, ер адамды қазақстандықтар құлдықта ұстаған. Ол 2000 жылы із-түзсіз жоғалып кеткен. Еріктілер Геннадий туралы ақпаратты әлеуметтік желідегі топтарға таратып, артынша оның ағасы Валерий байланысқа шыққан.