Алматы облысында өзгенің картасынан заңсыз ақша ұрлап жүргендер ұсталды. Алаяқтардан заңсыз жолмен тапқан 230 млн теңге тәркіленді, деп хабарлайды Qazaq.today.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, интернет-алаяқтыққа қарсы күрес шеңберінде антифрод-орталығы арқылы 230 миллион теңгеден астам алаяқтық жолмен алынған қаражат бұғатталды.
«Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 953-бабына сәйкес, дропперлерден заңсыз байығаны үшін 22 миллион теңгеден астам қаражат өндірілді, ал полиция органдарының ұсынуы бойынша 42,5 миллион теңгеден астам сомаға 32 жалған несиенің өндіріп алуы уақытша тоқтатылды», — делінген Полиция департаменті хабарламасында.
Фото: azh.kz