2030 жылға дейін елімізде 20 жаңа су қоймасы салынады

Фото: ult.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтыі тапсырмасына сәйкес, 2030 жылға дейін елімізде 20 жаңа су қоймасы салынады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Биыл Қазақстанның әр өңірінде 5 су қоймасының құрылысын бастау жоспарланып отыр.

ҚР СРИМ Су шаруашылығы комитетінің Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы Сәкен Әтел су шаруашылығы саласын дамыту жоспары туралы айтып берді.