2025 жылы Қазақстанда зейнетақы мөлшері қанша пайызға артады?

2025 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақылар 8,5%-ға артады. Бұл өзгеріс 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасына енгізілген. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланып, 31 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады.

«Қарттық бойынша зейнетақы төлемдеріне және еңбек өтілі үшін зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражаттардың көлемі 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап 8,5%-ға арттырылатынын белгілеу», – делінген заң жобасында.

Сонымен қатар, билік мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшерін 28 215 теңгеден 32 360 теңгеге дейін арттыруды жоспарлап отыр. Еліміздегі ең төменгі зейнетақы мөлшері 57 853 теңгенің орнына 62 771 теңгені құрайды.