2,5 жыл бос тұрған лауазым: Зеленский Украинаның Қазақстандағы жаңа елшісін тағайындады

Владимир Зеленский Украинаның Қазақстандағы жаңа елшісін тағайындады. Екі жылдан астам уақыт бос тұрған лауазымға Виктор Майко қызметке кірісті, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі Украина президентінің сайтына сілтеме жасап.

«Виктор Майко Украинаның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалсын», — делінген Зеленскийдің жарлығында.

Бұл қызметке келмей тұрып, Виктор Майко Украинаның Түрікменстандағы елшісі болған. Қазақстандағы Украина елшісінің орны 2022 жылдың қазан айынан бері бос тұрған еді. Сол кезде елші Петр Врублевский дипломатиялық жанжалдан кейін қызметінен босатылған еді.

Жаңа елші 1960 жылы 6 шілдеде Украинаның Днепропетровск жерінде дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1982 жылы Тарас Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша бітірген. 1999 жылы экономика ғылымдарының кандидаты (Украинаның сыртқы сауда академиясы) ғылыми атағын алды.

1982-1984 жылдары «Знамя соревнования» басылымының тілшісі болған.

1984-1989 жылдары әскери қызмет.

1989-1991 жылдары Украина Ішкі істер министрлігінің басшы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының бас ғылыми редакторы.

1992 — 1994 жылдары «Интерпрофсервис» директоры.

1994-1999 жылдары Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінде Украина елшілігі құрамындағы сауда-экономикалық миссиясы басшысының орынбасары, басшысы.

1999-2000 жылдары инвестициялық ынтымақтастық және валюталық реттеу басқармасының бастығы, Украинаның сыртқы экономикалық байланыстар және сауда министрлігінің Көпжақты экономикалық ынтымақтастық басқармасының бастығы.

2000-2005 жылдары «Интербудмонтаж» басқарма төрағасының бірінші орынбасары.

2005-2010 жылдары Украинаның Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі, Украинаның Ауғанстан Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі (2006-2010).

2010-2014 жылдары Украинаның сыртқы істер министрінің орынбасары.

2014-2020 жылдары Украина сыртқы істер министрінің кеңесшісі.

Украина президентінің 30.12.2020 жылғы № 610/2020 жарлығымен Украинаның Түркіменстандағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалған.

Фото: Украинаның Түрікменстандағы елшілігі