Эксклюзивті мазмұн:

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС салу: сарапшылар пікірі

Биыл ақпан айында еліміздің энергетика саласын дамыту мәселелері жөніндегі...

ҚР Жоғарғы сотының жаңа төрағасы тағайындалды

Бүгін Сенат депутаттары ҚР Жоғарғы Сотының жаңа төрағасын сайлады....

Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының ұзақтығы мен демалыс уақытын анықтайтын бұйрықты жариялады

Бұйрық жобасы бекітілсе, барлық білім ошақтарында оқу жылының мерзімі...

2,5 миллион теңге: Депутаттарға еңбек демалысы үшін қанша төленеді?

Мәжіліс және Сенат депутаттары 1 шілдеден бастап демалысқа шықты. Халық қалаулыларына еңбек демалысы үшін қанша қаржы төленетіні белгілі болды.

31-арнаның “Ииформбюро” бағдарламасына сұхбат берген депутаттар демалысты қалай өткізетіндерін айтты.

AMANAT фракциясының депутаты Елнұр Бейсенбаев Ақтөбе және Алматы облыстарының тұрғындарымен кездеспекші. Ал демалысты Алакөл мен Балқашта өткізуді жоспарлап отыр екен. Депутаттың сөзінше, отбасыда бала дүниеге келгендіктен, биыл шетелге шыға алмайды. Себебі сәбимен ұзақ уақыт ұшу қауіпсіз дейді.

«Еңбек демалысына төленетін ақыны отбасылық шығындарға жұмсаймыз. Демалысқа шыққанда үш жалақы аламыз. Шамамен 2,5 миллион теңге. Бұл – екі айдың жалақысы мен тағы бір еңбек демалысы үшін төленетін ақы. Биыл сыйлықақының барлығын қысқартып тастады. Тек жалақы аламыз. Мен үшін бұл үлкен еңбекақы, себебі бұған дейін төмен жалақы алғанмын», – деді Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев.

Гүлнәр Бижанова бұл сессияда депутаттардың жұмысы жемісті болғанын айтты. Сонымен қатар екі заң жобасы бойынша жұмысты аяқтағанын мәлімдеді. Олар интеллектуалды меншікті дамыту мен кепілдендірілген заңдық көмекке байланысты екен. Енді 12 мыңнан аса заңгер тұрғындарға тегін кеңес береді.

Депутат демалысын Қарағанды облысында өткізетінін айтады.

«Шетелге шықпағаныма 3-4 жыл болды. Ауылға барамын. Маған осы жақта қызығырақ», – деді Гүлнәр Бижанова.

Қазақстан халық партиясының депутаты Ерлан Смайылов шахтерлер мен металургтердің еңбегін қорғау мәселесі ушығып тұрғанын мәлім етті. Сөзінше, адамдардың мәселесін кәсіподақ арқылы шешу керек. Депутат бұған қатысты сәйкес кесте де әзірлеген.

«Мен Теміртаудағы металургтермен кездеспекшімін. Шахтинскке барып, Қарағанды шахтерлерімен кездесу өткіземін. Біздің фракция кәсіподақтармен тығыз жұмыс істейді. Әсіресе шахтерлермен, қазір металургтермен де жұмыс істеп жатырмыз», – деді Мәжіліс депутаты Ерлан Смайылов.

Парламенттің келесі сессиясы қырүкйекте басталады. Бұл кезде депутаттар сайлауға, саяси партияларға қатысты 20 жаңа заң жобасын дайындап, қабылдауы керек.

Соңғы

135 млрд теңге: ҰҚК қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырудың жолын кесті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2022 жылғы шілде айында кәсіпкерлік субьектілеріне...

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС салу: сарапшылар пікірі

Биыл ақпан айында еліміздің энергетика саласын дамыту мәселелері жөніндегі...

ҚР Жоғарғы сотының жаңа төрағасы тағайындалды

Бүгін Сенат депутаттары ҚР Жоғарғы Сотының жаңа төрағасын сайлады....

Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының ұзақтығы мен демалыс уақытын анықтайтын бұйрықты жариялады

Бұйрық жобасы бекітілсе, барлық білім ошақтарында оқу жылының мерзімі...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

135 млрд теңге: ҰҚК қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырудың жолын кесті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2022 жылғы шілде айында кәсіпкерлік субьектілеріне заңсыз жолмен 135 млрд теңге сомасындағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және салық төлеуден жалтаруға ұзақ...

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС салу: сарапшылар пікірі

Биыл ақпан айында еліміздің энергетика саласын дамыту мәселелері жөніндегі Кеңесте президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін және ол...

ҚР Жоғарғы сотының жаңа төрағасы тағайындалды

Бүгін Сенат депутаттары ҚР Жоғарғы Сотының жаңа төрағасын сайлады. Бұл лауазымға Асламбек Мерғалиевтің кандидатурасын Мемлекет басшысы ұсынды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Асламбек Мерғалиев 1972...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here