«Рухани қамбамыз қампайып жатыр»: Арбат алаңындғы «Kitap Fest Almaty» фестивалі қалай өтіп жатыр

Оқырмаған қауым Алматыдағы кітап фестиваліне ағылып жатыр, -деп хабарлайды Qazaq.todayақпараттық агенттігінің тілшісі. Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан рухани іс-шара аясында баспадан жаңадан шыққан кітаптардың да тұсаукесері кезек-кезек болып жатыр. Соның бірі, -і Іс-шара аясында «Атамұра» баспасынан жарық көрген, қазақ фольклорының алтын қорына қосылған 17 кітапқа арналған тұсаукесер рәсімінің  өтуі.

Атап айтқанда, тағылым-тәрбиеге толы, әдемі безендіріліп, барынша сапалы түрде Атамұра баспасынан жарық көрген 17 кітап оқырман қауымның назарын аударды. Кітаптар тізімінде шешендік сөздер, мақал-мәтелдер, тарихи және күй аңыздары, батырлық жыр дастандар, ертегілер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, халық өлеңдері, т,б бар.

«Бұл рухани қамбамызды одан сайын қампайта түскен үлкен олжа екені даусыз. Жаңа шыққан кітаптар әр үйде, барлық мектепте, бүкіл кітапханада менмұндалап тұрып, қолдан-қолға өтіп оқылуы тиіс. Түрлі байқаулар мен сайыс жеңімпаздарына, туған күн иелеріне сыйлыққа берілсе құба-құп. Бұйырса, биылғы жылғы топ жарған үздік шәкірттерім мен сайыстардағы жүлдегерлеріме осы бағалы кітаптар тарту етіліп, табысқа жетелер жол көрсетеді деп сенемін. Қазақ фольклорының алтын қорына сүбелі үлесімен алтындай жарқырап қосылып жатқан ұлттық нақышта, жоғары полигрофиялық сапада безендірілген кітаптар өз оқырмандарын табады деп ойлаймын»,- деді кітап көрмесіне келген қала тұрғыны Жарқын Сәленұлы.