«1,69 миллион еуро»: Наполен Бонапарттың тапаншалары сатылып кетті

Францияның бірінші императоры Наполеон Бонапарттың екі тапаншасы аукционда сатылды. Ақпарат аукцион өткізген Osenat аукцион үйінің әлеуметтік желілерінде жарияланды.

Тапаншалар 1,69 миллион еуроға сатылған. Тапаншалардың жаңа иесінің кім екені белгісіз. Аукционды ұйымдастырушылар құнды жәдігерлерді сатып алған миллионерді құпия ұстайды. Ұйымдастырушылар императордың қос тапаншасын әу баста 1,2-1,5 миллион еуроға бағалан. Пистолеттер жасыл барқытпен қапталған және алтынмен кестеленген жаңғақ қорапшасына салынған. Мәдениет министрлігі бұл тапаншаларды ұлттық қазына деп танып, елден әкетуге тыйым салған еді.